Қызылоба ауылы ,Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысы
Е.Ш.Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі.
Т.А.Дюсегалиева ,
Ежелгі Қазақстан тарихы 6-сынып.
Тақырыбы:Жыл соңындағы қорытынды-қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін
қорытындылау, материалдарды меңгеру дәрежесін көтеру.
Дамытушылық: оқушыларды тарихи фактілерді, оқиғаларды, оқып үйренуге, шапшандыққа баулу. Қорытынды жасауға үйрету арқылы оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамытуға , тарихқа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды өзін-өзі бағалай білуге,еңбексүйгіштікке, өзара сыйластыққа, еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау,сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, топтық жұмыс, семантикалық карта,сәйкестендіру тест, картамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы,Қ.И.Сәтбаев,Ә.Х.Марғұланның портреттері, суреттер,топтың атауы жазылған қағаздар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.
(Сынып оқушыларын топқа бөлу,топ басшыларын сайлау)
Қайталау сабағына арналған сабақ сайыс түрінде өтеді. Сынып бес оқушыдан 3 топқа бөлініп, жыл бойы тарихтан алған білімдерін қолдана отырып, қойылған сұрақтарға жауап береді.Әр топқа бағалау парағы таратылады.
Өткізу барысы:
І –кезең. Семантикалық карта.
ІІ-кезең. «Сәйкестендіру тест».
ІІІ-кезең. «Суреттер сөйлейді»
ІҮ-кезең. «Тарихты жақсы білеміз бе?»
Ү-кезең. Картамен жұмыс.
І кезең Семантикалық карта. Бұл тапсырманы барлық топта орындайды
Дәуірлер |
Б.з.б 2,6-12 |
Б.з.б 5-3 |
Б.з.б 12- 5 |
Б.з.б 8ғ- б.з6ғ |
Б.з.б 3000-1800 |
Б.з.б 2-1 |
Палеолит |
|
|
|
|
|
|
Мезолит |
|
|
|
|
|
|
Неолит |
|
|
|
|
|
|
Энеолит |
|
|
|
|
|
|
Қола дәуірі |
|
|
|
|
|
|
Темір дәуірі |
|
|
|
|
|
|
ІІ кезең. Сәйкестендіру тест.
1 |
Тік жүретін адам өкілі |
А |
Неандерталь, кроманьон |
2 |
Саналы адам өкілі |
Ә |
Беғазы-Дәндібай,Андрон |
3 |
Қола дәуірі мәдениеті |
Б |
Питекантроп,синантроп |
4 |
Сақтардың әлеуметтік топтары |
В |
«Есік» қорғаны, «Шілікті» ескерткіші, «Аралтөбе» қорымы |
5 |
Сақ топтарының аты |
Г |
Қауыншы,Отырар-Қаратау, Жетіасар |
6 |
6. Алтын киімді адам табылған жерлер |
Ғ |
Абыздар, малшылар, егіншілер |
7 |
7.Қаңлылардың археологиялық ескерткіштері |
Д |
Тиграхауда, парадарайа, хаумаварга |
ІІІ кезең. «Суреттер сөйлейді. Интерактивті тақтадағы бейне көрсетілімнен кейін әр топ «Бұл кім?, Бұл не?» деген сұраққа жауап береді.
Жауаптары:1. Рулық қауым 2. Тамғалыдағы суреттер 3. Үйсін тайпасы 4. Шірік-Рабат 5. Геродот 6. Ә.Марғұлан 7. Қ.И.Сәтбаев
Ү Кезең. «Тарихты жақсы білемізбе?».Ұяшықтарда 10, 20 30, 40,50 - балдық сұрақтарды таңдап, топ мүшелері өзара келісе отырып, жауап береді.
Тарихи тұлғалар |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
Қорғандар |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
Тайпалар |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
Еңбек құралдар |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
Тарихи болжамдар |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
Тарихи тұлғалар
- 1 Ертедегі грек тарихшысының айтуынша , ол өзін ел тәуелсіздігі жолында құрбандыққа шалған. Парсы әскерінсусыз шөлге апарып, ажал құштырған. Ол кім? (Шырақ)
20.Сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы күресін басқарған. (Томирис )
- Ол елде әскери реформа жүргізді. Хань әулетінің негізін қалаушы Лю Банды бағындырушы Байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейін елді өзіне бағындырушы кім? (Мөде)
- Ғұн қоғамы ұшы-қиыры жоқ кең байтақ жерді жайлап , көптеген тайпаның басын біріктірді, әскери соғыс қуаты орасан зор құдіретті мемлекетке айналдырды. Оның жеңімпаз жорығы оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті. (Аттила)
- Тәуелсіздік үшін күрестің даңқты қолбасшысы. Ол өз елі жерінің еркіндігі үшін жан аямай күрескен қолбасшы , бүкіл Орта Азия халықтарының шетелдік басқыншыларға қарсы күресін шеберлікпен ұйымдастырды. Грек- македон басқыншыларына қарсы күресті басқарған сақ жауынгері кім? (Спитамен)
Қорғандар.
- Алматының шығысындағы белгілі сақ обасы? (Есік обасы)
- Бұзылмай сақталған 13 жирен ат табылған темір дәуірінің қорғаны (Берел)
- 13 қола жебе табылған қорған. ( Шілікті )
- Іле өзенінің оң жағалауындағы сақ қорымы.(Бесшатыр)
- Аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай әскери дайындықпен көмілген қорған (Үлкен Берел)
Тайпалар.
- Көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.б 3 ғ бастап кездеседі. Еліміздің батыс аумағын б.з.б 8 ғ мен б.з 5 ғ мекендеген тайпа. (Сармат)
- Б.з.б 3-2 ғ – б.з. 5 ғ аралығында өмір сүрген жазба деректерде олардың Арыс, талас, жағалауларында, Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүргендігі айтылады.(Қаңлы)
- Б.з.б І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. (Сақ)
- Б.з.б І мыңжылдықта Моңғолиядан Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азия жерін мекендеген. Қытай деректерінде бұл тайпаның атауы б.з.б ІІІ ғ аяғында пайда болғандығы айтылады. (Ғұн)
- Б.з.б 3 ғ мен б.з 5 ғ аралығында Жетісу жерін мекендеген тайпа. (Үйсін)
Еңбек құралдар.
- 100 метр қашықтыққа ұшатын,орақ тәріздес аңға лақтыратын қару ?(Бумеранг)
- Екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал? (Бифас)
- Кейінгі палеолитте үш-үштен жіппен байланып, оқ есебінде қолданылған домалақ тастар. Бұл тастар лақтырған кезде жануарлардың мойнына немесе аяқтарына оралып, құлататын өте тиімді қару болған. (Болас)
- Ұшы сүйектен жасалған, аңға қадалғанда шықпай қалатын ілмек кертігі бар сүңгі-найза. Оныман теңіз жануарлары мен ірі балықтарда ауланады. (Гарпун)
- Бір қабат өңделген тас құралдардың жүзін ұсақ кертік ойықтар жасау арқылы өткірлеу.(Ретушь)
Тарихи болжамдар
- 10. Парсы сарайында ұзақ тұрып, сақтардың тәрбиелігін сипаттайтын оқиғаны кім жазды?
(Ксенофонт)
- 20. Ескендір Зұлқарнайынның тарихшысы көшпелілердің әскери қару-жарақтарының ерекшеліктерін суреттеп жазған кім? (Арриан)
- 30. Сақтар туралы «олардың бәрі ақ көңіл және уәдеге берік» деп жазған?(Стробон)
- 40. Савроматтар жайлы деректер қалдырған Рим тарихшысы. (Диодор)
- 50. Ғұндар жақсы шыныққан, отты да қажет етпейлі деп жазған Рим тарихшысы?
(А.Марцеллин)
Ү кезең. Картамен жұмыс.Контурлық карталар беріледі, берілген тайпалардың шекарасын белгілеу керек.
1.Тиграхауда,парадарай,хауомаварга
2.Үйсін,Сармат
4.Қаңлы, Ғұн
Бағалау.
Қорытындылау.