Quantcast
Channel: Тарих | История - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 256

Отырар – қаһарман қала

$
0
0

Алматы облысы
Талдықорған қаласы
№14 орта мектеп-гимназиясы
Тарих пәні мұғалімі А.О.Түктібаева


Сабақтың тақырыбы: Отырар – қаһарман қала.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Орта ғасырдағы Отырар қаласы және оның мәдени құндылықтары мен тарихи маңызы туралы мағлұматтар беру;
Дамытушылық: Оқушыларды ізденіс жұмыстарына жұмылдырып,
алынған мәліметтерден логикалық тізбек жасап, өзіндік қорытынды шығару қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, ерлікке, адамгершілікке, тарихи маңызы бар тарихи-мәдени құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ой-толғау, деңгейлік тапсырмалар, сұрақ-жауап, тірек сызбалармен жұмыс, сөзжұмбақ шешу слайд шоу.
Көрнекілігі: « Отырар –қаһарман қала » слайдтар, Сызбалар, Жібек жолының тармақтары картасы, технологиялық карта, ұлы тұлғалардың ( Әбу Насыр Әл-Фараби, Шыңғыс хан ) суреттері.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, музыка, экономика
Оқыту технологиясы: СКТ, Ұжымдық оқыту, Шаталов тірек-сызбалар элементтері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау арқылы сөзжұмбақ шешіп жаңа сабаққа бағыт алу;
ІІІ. Жаңа сабақ: Отырар қаласы туралы мағлұмат беру;
ІV. Жаңа сабақ бойынша жаттығу жұмыстары
1. Сәйкестендіру тест толтыру;
2. Топпен жұмыс;
V. Қорытындылау: топтар жұмысын топтастыру;
VI. Пысықтау кезеңі: Деңгейлік тапсырмалар орындау;
VIІ. Бағалау:
VIII . Үйге тапсырма беру;
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасу,
-оқушыларды түгендеу,
- сабаққа бағыттау,
( Психологиялық тренинг оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтады. )
Оқушылар, біз сендермен алдыңғы сабақтарда « Ортағасырлық Қазақстан қалалары » атты тақырыпты өткен болатынбыз. Ендеше төмендегі сұрақтарды шешу арқылы біз өткенге шолу жасайық.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Патша сарайы мен әкімшілік басқару орындары орналасқан қаланың бөлігі
2.Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде орналасқан, « түріктер елі, мекені» болған қай қала?
3. ХІ ғ қыпшақ мемлекетінің саяси және мәдени орталығы болған қала атауы?
4. Кіші билеуші топ өкілдері, түрлі кәсіп иелері тұратын қаланың бөлігі -
5. Ортағасырлық ірі қалалардың бірі -
6. « Орхон-Енисей жазба ескерткіштері » қай өзен бойынан табылған?
7. Әбу Насыр Әл- Фараби қай қалада дүниеге келді?


Ендеше, балалар біз сендермен « Отырар-қаһарман қала » деген тақырыпты жан-жақты зерттейтін боламыз.
ІІІ. Жаңа сабақ. Отырар қаласы туралы мағлұматтар беру.
Жаңа тақырыпты хабарлау, жоспарымен, мақсатымен таныстыру.
(Тақырыпты дәптерлеріне жаздыру)
1. Отырар-ортағасырдағы көне қалалардың бірі.
2. Отырар –ақша қоймасы мен күміске толы көмбе
3. Отырар –даналардың отаны
4. Мәңгі ұмытылмас – Отырар.
(Түсіндірмелі баяндау арқылы жаңа сабаққа байланысты мәліметтер айту).
1. Отырар,Фараб – Қазақстан жеріндегі көне қала. VIII ғ бастап Тарбанд деген атаумен белгілі болған. Бұл атау Күлтегін мен Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларында кездеседі. Бұл кезде қала Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды.Қала екі дуалмен (1-қала сырты, 2- орталық бөлігі ) қоршалған,бес қақпасы бар мықты қала болған.
Жиналған тарихи деректер бойынша Отырар халқының саны 6000 –ға жуық болғандығын көрсетеді.

 

2. ІХ-ХІІ ғғ ақша қатынасы дамып, тауар айырбас біртіндеп ығыстырылды.
Ірі қалаларда: Испиджаб, Тараз, Отырарда мыстан, күмістен құйылған өз ақшалары шығарыла бастады.Отырарда ақшаның құйылғаны 1967ж Самарқанд қоймасы ашылғаннан кейін анықталды. Осы қоймадан Хғ Фараб теңгелері табылған.қазба жұмыстары кезінде табылған ХІІІғ жататын Отырар ақшалары, Тебризде соғылған ақшалар, селжұқтардың ақшалары Еміл ақшалары, күміс, қоладан соғылған әшекейлері Отырардағы экономиканың өз деңгейінде дамығандығын көрсетеді. Монғол шапқыншылығынан күйреген қала кейін қайтадан гүлденеді.
Гүлденген қаладан табылған теңгелердің саны: 235, соның ішінде 151 –күміс дирхемдер болған. Олар Алмалық қаласында құйылған екен.
3 Отырар ІХ-Х ғғ гүлденген ірі ғылым орталығы болды. Мұнда ірі
медреселер, мешіттер, кесенелер болды. Қаладан Аристотельден кейінгі
екінші ұстаз ғалым - Әбу Насыр Әл-Фараби, астроном және математик
Жәуһари Ғаббас ибн Саид, әдебиетші, тіл маманы, ұстаз Әбу Ибрахим
Әл-Фараби сияқты ұлы ғұламалар шыққан.
Әлемге аты жайылған « Ұлы Отырар кітапханасы » да осы қалада болған.
Сондай-ақ Отырар медресесі VIII ғ құрылып, монғол шапқыншылығына
дейін жұмыс істеген. Діни сабақтармен қатар астрономия, геометрия,
музыка т.б ілімдер бойынша жан-жақты білім берілген. Бұл мектепте
Әл-Фараби білім алған.

 

4 Отырар- көне заманнан бізге жеткен тарихи құндылық. Бүгінгі таңда Отырар халқының қаһармандығын паш ететін әдеби туындыларымыз бар.
Олардың ішінде ақын-жазушы М.Шахановтың « Отырардың күйреуі » атты шығармасын, Отырар кітапханасы жайла жазылған ертегіні оқи отырып, біз Отырардың тарихына үңілеміз. Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысында Отырар атындағы аудан, осы ауданда 1967ж - мектеп мұражайы, 1973 ж аудандық мұражайы, 1979ж « Отырар мемлекеттік археологиялық қорық мұражайы» ашылды. Мұражай мақсаты: Отырар өңіріндегі археологиялық, архитектуралық ескерткіштерді қорғау, ғылыми зерттеу, мәдени- ағартушылық жұмыстармен айналысу.Мұражай қарамағында 160-тан астам тарихи-мәдени ескерткіштер бар.
IV. Жаңа сабақ бойынша жаттығу жұмыстары
1. Сәйкестендіру тест
Кестенің төменгі жағындағы сөздерді кестенің оң бағанасына сәйкестендіріп қойыңыздар:

 

2. Топпен жұмыс
Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушыларды 4-топқа: әдебиетшілер, тарихшылар, экономистер, географтарға бөлемін.
( Оқушылар түрлі-түсті қағаздардан жасалған жалаушалар алу арқылы 4 топқа бөлінеді. )
1. Тарихшылар тобы – көк түстес, 2. Экономистер тобы – сары түстес,
3. Әдебиетшілер тобы – ақ түстес, 4. Географтар тобы – жасыл түстес.
(Оқушылар Отырар қаласын төрт бағытта зерттейді.)
Әр топтың зерттеу нәтижесі тыңдалады.
V. Қорытындылау: топтар жұмысын топтастыру;
Топтардың жұмысын бір оқушы жалпы қорытындылайды.

 


VІ. Жаңа сабақты пысықтау:
Деңгейлік тапсырмалар үлестіру арқылы алған білімдерін пысықтаймыз.

 


VІІ. Бағалау: Оқушылар өзара дәптерлерін алмастырып, бірін-бірі бағалайды.
І-ІІ деңгейдің тапсырмасын орындаған оқушыға - « 3 »
І-ІІ-ІІІ деңгейдің тапсырмасын орындаған оқушы - « 4 »,
І-ІІ-ІІІ-ІV деңгейдің тапсырмасын орындаған оқушыға – « 5 ».
бағалары қойылады.
VІІІ. Үйге тапсырма:

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 256


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>