7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §44-45. Қазақ халқының мәдениеті /2 сағат/
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларды ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетімен, олардың жыл мезгілдерін бақылау тәжірибесімен, жерлеу дәстүрімен жан-жақты таныстыру;
- Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
- Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:суреттер, сызба, карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Жартылай көшпелі мал шаруашылығы дегенді қалай түсінеміз?
- Маусымды көшіпқонудың қандай пайдасы бар?
- Қазақ қыстауларындағы баспаналар қалай салынды?
- Қазақтар егін шаруашылығымен қай жерлерде айналысты?
- Қазақ қолөнерінің түрлерін атаңдар?
- ХҮІІІ ғ. қалалардың әлсірей бастауына не себеп болды?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Материалдық мәдениет
- Қазақтарда тұрғын үйдің екі түрі болды. Жаздыкүні жеңіл киіз үйлерде тұрса, қыстыкүні жер үйде, шымнан, балшықтан немесе тастан салынған жылы үйде тұрды. Жазғы үйдің екі түрі болды.
- Рухани халқының жыл мезгілдерін бақылауы
- Халқымызда отбасы-неке қатынастарында құда түсу, қыз ұзату, келін түсіруде ертеден келе жатқан көптеген әдет-ғұрып, кәделер сақталған. Қазақ келіндері «ат тергеу» ғұрпы бойынша үйдің үлкен кішілерінің аттарын атамай, оларға басқаша ат қояды (мырза аға, ерке бала, аппақ қыз т.б.). Мұның өзі қазақ қоғамындағы үлкенді сыйлаудың , құрмет көрсетудің белгісі. Қазақтың қонақжайлылығы да рухани байлығын көрсетеді.
- Қазақ жерінде ислам дінінің нығаюы.
- Түрік ғалымы Сейби қазақтардан 200 мыңнан астам адамның ислам дінін ұстанғандарын атап өткен. Орта ғасырдың соңғы кезінде, 1558-1560 жылдары Қазақстанда болған ағылшын көпесі А.Дженкинсон қазақтарды «Ислам дініне сенетін халықтар»-деп жазады. Мұның бәрі қазақтар арасында ислам дінінің кең тарағандығын көрсетеді.
- Жерлеу дәстүрі.
Сабақты бекіту:
- «Мәдениет» ұғымын қалай түсінесің?
- Материалдық мәдениет дегеніміз не?
- Ұлттық материалдық мәдениетке не жатады?
- Рухани мәдениет дегенді қалай түсінесің?
- Ауыз әдебиетінің түрлерін айтып, оның бір түріне талдау жасаңдар
- Ислам дінінің қазақтар арасында таралуының қандай ерекшеліктері болды? Қандай діни жоралғылар ұстанды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §44-45.