Тақырыбы: Қазақ хандығына 550 жыл: «Қазақстан - Мәңгілік ел»
Мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру.Еліміздің
басынан өткен тарихын осы кезеңге дейінгі аралықты баяндау.
Отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.Жас ұрпаққа қазақ хандарының тұлғасын жан-жақты көрсетіп, ата-бабаларымыздың өнегесін үлгі ете отырып, оқушылардың бойына туған жерге,туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттыққа, ынтымаққа тәрбиелеу.
Әдісі: мәнерлеп оқу,көрініс, хор, би
Көрнекілігі: Бейнепроектор, бүктемелер, бейнематериалдар,хан,би,
батырлар киімдері, дисктер.
Барысы:
Мұғалім сөзі: Дөненбаева Ғазиза
Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар,оқушылар. Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы-Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды» Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Биылғы жыл- қалың қазақты бір жасатып тастады.Бүгінгі өткелі отырған тәрбиелік шара тақырыбы «Қазақстан- Мәңгілік ел». Осы ерекше датаның бүгінде маңызы зор. Бүгінгі шара дүбірлі тойдың өз деңгейінде атап өтілуі үшін біздің қосқан үлесіміз болып табылады.
Бейнекөрсетілім: Н.Ә.Назарбаев
1-жүргізуші: Бота
Армысыздар осы кештің қонақтары
Халқымның ашық болсын атар таңы
«Қазақстан – Мәңгілік ел» атты кешіміздің
Беделін көтерейік тарихтағы.
2-жүргізуші: Әсел
Сәлем бердік кешіміздің көрермені
Қазақтың ол аныққой өнер кені
Тарихи кешімізге қош келдіңіз
Алдарыңда болашақтың өрендері.
1-жүргізуші: Бота
Еуразияның қақ ортасында орналасып,талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған,тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңізші.Сіздердің назарларыңызға «Қазақ елі» атты бейнекөрсетілім ұсынамыз.
2-жүргізуші: Әсел
Мұхит Жақсылықұлының өлең жолдары: «Қазақ мемлекетіне 550 жыл»
Оқушы: Аяжан 7 «А» сынып
Ұлы боп көк тәңірдің саналатын
Орындап сол тәңірдің аманатын
Мәңгілік ел болуды мұрат етіп,
Бумын құрған Түріктің қағанатын
Жауларын айбарымен алжастырған
Бумын ісін істемес жалғастырған
Тоз тоз болған халықтың басын қосып
Ұлы Түрік қағанатын заңдастырған
Армандап Түрік елін бай болсын деп
Төрт түлігі әмәнда сай болсын деп
Халқының киімі көк, қарыны тоқ,
Елі бейбіт, көңілі жай болсын деп
Сол үшін ұзақ түндер ұйықтамаған,
Қара бастың қамын еш құнттамаған
Батыр бабам Күлтегін, Тоныкөктер
Жорықтарда тамшы су ұрттамаған
Түрік жұрты осылай өсіп-өнген,
Ынтымағы жарасып жауды жеңген.
Билік-таққа таласқан аға-бауыр,
Ақыры Қағанатты екі бөлген.
Оқушы: Жансая 7 «А»
Кезінде жарты әлемді билеп тұрған,
Бірлігіне басқалар құлдық ұрған.
Ыдырап Ұлы түрік қағанаты,
Ру-тайпа өзінше хандық құрған.
Айрылып айбынды түр келбетінде
Бөрі жеп бөлінгенді әр шетінен
Жойылды Шыңғыс ханның жорығында,
Қалалар Отырардай жер бетінен.
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.
Жәнібек,Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді Қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында,
Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында
1-жүргізуші: Бота
Әр адамзаттың қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің ата мекенін қалай білуімен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашанда Отаншыл, ұлтжанды болмақ.
«Қазақстан» өлеңі 10 «Б» сынып оқушысы Әмір Дана
9 «Б» сынып оқушысы Шерасіл Бекжан «Кең дала»
Кең дала!
Айхой дала,
Көркем дала.
Өңкей күн шілдехана
Өлкем дала
Білмеймін сені неге теңерімді
Кең дала көркем дала
Әрине анам болдың құндаған
Әрине әкем болдың күн қақтаған.
Әрине жар да болдың, дос та болдың.
Әрине әр сүйемін қымбат маған
Ия сен барлық аты, байлық аты
Ия сен адалдық пен ардың аты
Ия сен дүбірлейсің,
Жеткендей жер тарбыға арғымақты.
2-жүргізуші: Әсел Көрініс: Керей мен Жәнібек хан
Керей хан:
Ақсақал:
Сарбаздар:
Ақсақал:
Уа, халайық!
Еліңнің тізгінін ұстайтын Керей мен Жәнібек келеді
Керей:
Уа, әлеумет!
Теңдіктің тезі теңселме
Еркіндік жолы емес па?
Бақыттың жолы бәсеке,
Ырыстың жолы бейнетті.
Азаттық жолы азатта!
Төземісің әлеумет.
Хормен: Сарбаздар
Керей,Керей, Керей ...
Керей: Қазақтың қайран даласын,
Жағасы жайлау ел қылам,
Қара сирақ баласын
Басқалармен тең қылам
Кеткен кегін қайтарып,
Іргесін тыныш төрінде,
Мерейі үстем, бағы зор
Ырысын шалқар көл қылам
Осы жолда әлеумет
Тайсалар болсаң маған серт
Тайғып кетсем саған серт
Еремісің әлеумет
Хор: Керей хан, Керей хан,
Керей:
Ендеше халқым атқа қон
Туыңды ұста тарт алға
Құдайым бізді бастаса
Арманы биік ақ жолға.
Хор:Керей хан,Керей хан...
Ақсақал:
Уа, халайық,
Көшіңнің тізгінін ұстаған
Керей мен Жәнібек еді.
Керей:
Құдіреті күшті Алланың алдында,
Қалың елім халқымның алдында.
Керей басымхан болып,
Қазақ елінің бағын асырып.
Көтерілген орданың меймарасын тасытып,
Ұлы Тұран даласының бірлігін келтіріп.
Төрткүл дүниеге рухты ел екенімізді,
Паш етуге ант еттім.
Хормен: Керей хан, Керей хан...
1-жүргізуші:Бота
ХVII ғасырдың 20 жылдары жоңғарлар Жетісу жері арқылы Қазақстанға баса көктеп кірді. Қазақ халқы 100 жылдан астам уақыт жоңғарлармен күрес жүргізді. 1723 жылы басталған қазақтардың босуы «Ақтабан шұбырынды» деп аталды. Қаһарлы жаудан үріккен бейбіт халық шұбыра көшіп, қырғынға ұшырады. Қазақ батырлары жоңғарлардың шапқыншылығына қарсы бас тірескен күрес жүргізді. Бұл күрес қазақ халқының өз бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы бүкіл халықтың күресіне айналды. (Бейне фильм)
Хор: «Елім-ай»
Оқушы: Шахмира 5 «Б»
Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.
2-жүргізуші: Әсел
Ұлттың ұйытқысы рухани көсемдері - Төле, Қазыбек,Әйтеке билер болды.
Сахнаға үш би шығады
Төле би: Сержан 9 «А»
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп қарала.
Өзегің талса, өзен бойын жағала,
Басыңа бұлт түссе, көпшілікті сағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол.
Жауыңа қатал бол,
Досыңа адал бол!
Қазыбек би: Дөненбай Е. 9 «Б»
«Біз -қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп
Жеріміздің шетін жау баспасын деп
Найзаға үкі таққан елміз.
Әйтеке би: Мелдеханов О. 9 «А»
Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін;
Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.
Бай болып пайдаң тимесе,
Батыр болып найзаң тимесе,
Жұрттан алабөтен үйің күйсін!
1-жүргізуші: Бота
Қазақты ел еткен Әз Жәнібек, Тәуке хан, Абылай хандар, жерін қорғаған Қабанбай,Бөгенбай,Наурызбай сынды батырларымыз.
Хор: «Хан Абылай»
2-жүргізуші: Әсел
Қазақ халқы талай қиын кезеңді талай басынан кешірді. Елін, жерін көзінің қарашығындай қорғаған, оның мүддесі үшін қабырғасы қайысып, қасық қаны қалғанша қорғап болуды мақсат еткен дара – тұлға батырлары болған. Олар сабырдың тәуекел мен арманның түлегі. Міне осындай көрнекі өкілдердің бірі - Махамбет Өтемісұлы.
Ән: «Мен, мен едім, мен едім» орындайтын Шерасіл Бекжан
1-жүргізуші: Бота
Өткен ғасырдың басында тарих сахнасында: «Оян,Қазақ!» деп жар салған зиялылардың жаңа шоғыры шықты. Дербес мемлекет құруды аңсап, азаттық жолында бастарын бәйгеге тіккен Алаш қайраткерлерінің бәрі де тоталитарлық өктемдіктің құрбаны болды.Отаршыл жүйенің озбырлығын көрген қазақ халқы отызыншы жылдарындағы зобалаң тұсында орасан нәубетке ұшырап, қынадай қырылды. Сол кезде саны 5 миллионға жетіп қалған қазақ халқы бірер жылдың ішінде тең жарымынан айырылды. Көпшілігі аштықтан өлді, қалған қазақ айдалып кетті,атылды, жер аударылды. Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Тұрар Мұстафа, Әлихан, Ахмет ағаларымыз сол нәубеттің құрбаны болды емесм па?
(Бейне фильм)
Аяжан:
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым,
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.
Дискеттен: 1941 жыл 22 маусым 3 сағат 55 миут. «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Бүгін 22 маусым күні сағат төртте неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлекеттік шекарасына басып кірді».
2-жүргізуші: Әсел
«Жеңіс» бізге оңай келген жоқ. Бұл қасіретті соғыста 70 миллион адам құрбан болса, соның 25 миллионнан астамы Кеңес Одағының, ал 650 мыңнан астамы қазақ болды. Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін деген ұран әр адамға жалынды күш берді. Кеңес Одағының батыры атағын алған Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров,Мәлік Ғабдуллин, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов сияқты ағаларымыз болса, Әлия мен Мәншүк сияқты әпкелеріміздің ерлігін ешқашан ұмытпаймыз.(Бейне фильм)
Ән: «Әлия» Керімқұлова А.
1-жүргізуші: Бота
Иә, тарих қойнауында тағы бір кезең. Ол 1986 жыл 16 желтоқсандағы алматыдағы Қазақ жастарының көтерілісі еді, желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков,Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхаммеджанова т.б. жастарымыз тәуелсіздік жолында құрбан болды.
(Бейне фильм)
Хор: «Қара бауыр қасқалдақ»
Аяулым: 5 «Б»
Тарих ол уақытқа ұқсас толмайтұғын,
Қадамды қасыңа әкеп жалғайтұғын.
Тарих ол бір ғаламат алтын көпір,
Ұрпақты-ұрпақтарға жалғайтұғын.
Балнұр 5 «Б»
Біздің тарих бұл дегенің шежіре,
Азап пенен бақ сыйлаған еліне.
Көп болды ғой көз алартқан пенделер.
Қазағымның ұлан байтақ жеріне.
Әсел: 7 «А»
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер.
Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.
Сарылып сал-сері кеткен жер,
Бас иіп,йіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
8 «А,Б» сынып оқушылары Айдана мен Әселдің орындауында қазақ биі
1-жүргізуші: Бота
Халқымыздың бастан өткерген тарихының әр беті бізге қымбат. Ел тағдыры сынға түскенде абыздай, күңіреніп, арашаға келген сонау сұңғыла жандардың атқарған ерлігі ұшан-теңіз.
2-жүргізуші: Әсел
Қазақ хандарының, батырларының халқына деген асқақ сүйіспеншілігі, Отанның бостандығы үшін жанын аямай күресуі, олардың есімдерін халық арасында асқақтай береді.
Мереке 7 «А»
Атады, әне, тағы да бір күн, таң күліп,
Жүректерде арман отын жандырып,
Қазақстан- біздің туған ұлы Отан
Жайнай бер сен, жасай бер сен мәңгілік.
Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ ері өнерлі, өсиетті.
Египетті билеген Бейбарыстың
Елі-текті, киелі қасиетті!
Ән: «Қазақ елі» Асқар 10 «А»
1-жүргізуші: Бота
Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,
Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.
Бұның бәрі дұрыс болмас түсінігің,
Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ!
2-жүргізуші: Әсел
Тәуелсіз-Қазақстаным,Туыңды биік ұстадың,
Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным
Қорытынды сөз: Дөненбаева Ғазиза
Көліне аққу қонып,қаздар ұшқан.
Шырқап жатыр елдіктің, сазын аспан.
«Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ»
Жасай бер Мәңгілік ел-Қазақстан!
Ән: «Тәуелсіз елім» Керімқұлова Алтынай 11 «А»